WBC бокстың Олимпиада бағдарламасынан шығып қалу қаупі жойылады деген үмітте

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Халықаралық Олимпиада комитетіне боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдыру туралы өтініш айтты. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бокс 1904 жылдан бері Олимпиада бағдарламасына енген, төртжылдық додасының негізін қалаушы спорт түрлерінің бірі. Бокс әлемі ХОК пен АІВА арасындағы қарым-қатынас дұрысталып, бокстың Олимпиада бағдарламасынан шығып қалу қаупі жойылады деген үмітте. Әуесқой бокс жас спортшылардың үлкен спорттағы баспалдағы. Олимпиада ел атын асқақтатуды әрбір боксшы армандайды», — делінген WBC мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының басында өткен конгресте АІВА президенті болып өзбекстандық Гафур Рахимов сайланды.  АҚШ қаржы министрлігі Рахимовта санкция тізіміне қосқан соң, ХОК бокстың олимпиадалық статусына қауіп төнетінін ескерткен болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *