Қытайдағы қазақтар мен қырғыздар қытай лагерлеріндегі туыстарын босатуын сұрайды

Қытайдағы он шақты қырғызстандық пен этникалық қырғыз 23 қарашада Алматыда баспасөз конференциясын өткіздіБаспасөз конференциясын Қытайдағы этникалық қазақтар мен қырғыздардың «Атажұрт ерікті жастары» ұйымы ұйымдастырды. Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

Туыстары қытай лагерлерінде отырған олар өздерінің бастан кешіргендерін батыс елдерінің журналистеріне баяндап берді. Баспасөз конференциясына қатысушылар әлемдік қауымдастықтан, Қазақстан мен Қырғызстан биліктерінен ұсталған туыстарын босатуға ықпал жасауын сұрады.

Қазақстандағы бұл ұйымның белсендісі Серікжан Біләштің айтуынша, Қытай 50 мыңнан астам қырғызды ұстаған, ал ұсталған қазақтар саны 700 мыңға жеткен. Оның айтуынша, ұсталған қырғыздар саны туралы мәлімет ұйымға екі ай бұры түскен.

Әлемдік БАҚ Қытайда мұсылмандар мен дін өкілдері ұсталып жатқанын ғана жазды, дейді Біләш. Бұл елде түрлі ұлттың өкілдері қудалауға ұшарағанын әлемдік қауымдастыққа жеткізу керек. Сол себепті баспасөз конференциясына батыс журналистері шақырылған.

Қытайдан келген этникалық қырғыздар туыстарымен байланыс үзгенін «Азаттыкқа» хабарлаған. Олар Қазақстандағы «Атажұрт еркін жастар» ұйымынан да үміт күтіп отыр.

Қырғызстан әзірге этникалық қырғыздарды қорғаудың дипломатиялық әдісін қолданбады. Қазақстан бұған дейін Қытайға наразылық нотасын жолдаған. Азаматтық қоғамның жұмысы нәтижесінде бірнеше қазақ түрмеден босап, Қазақстанға келуге мүмкіндік алды.

Шыңжаңдағы «саяси қайта тәрбиелеу лагерлері» туралы 2016 жылы айтыла бастады. Қудалауға ұшырағандар бұл лагерлерді түрме деп атайды, ал қытай билігі оларды оқу орталықтары деп таныстырған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *