Өскемендегі Калинин көшесінің атауы өзгеретін болды

Облыс орталығындағы Калинин көшесін қайта атау ұсынылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Өскемен қалалық мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап отыр. Көшеге ұсынылған жаңа атау – Шыңғыстау.

-Шыңғыстау – Абай мен Әуезовтің отаны. Калинин көшесін Шыңғыстау деп ауыстыру дұрыс шешім, – деді Борис Щербаков.

Тағы бір спикердің айтуынша, Калинин көшесі Абай даңғылымен қатар орналасқандықтан, жаңа атау жақсы үйлесім табады.

Айта кетсек, Калинин көшесі Бажов көшесінен Гастелло көшесіне дейінгі аралықты алып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *