«Канело» Мейвезерге кеткен есесін қайтармақ

Бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес бес салмақ категориясы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, жеңіліп көрмеген америкалық Флойд Мейвезерді қарымтаға шақырды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
«Ол дайын болса, мен жекпе-жектен жалтақтамаймын. Қазір мүлде басқа боксшымын, енді мен «А» санатындамын. (…) Бұл кездесу екеуіміз үшін де жақсы тәжірибе болады. Бірінші жекпе-жек адам зеріктіретін еді. Екінші жекпе-жек өткізу үшін екеумізге біраз жұмыс істеу қажет», – деді Альварес USA TODAY Sports басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, боксшылар 2013 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста кездесу өткізген болатын. Судьялардың шешімімен Мейвезер жеңіске жеткен еді. Альварес ол кезде 23 жаста болатын, бұл оның карьерасында алғашқы жеңіліс. Соңғы кездесуін Альварес 15 қыркүйекте Геннадий Головкинмен өткізіп, судьялардың шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *