Жас түлектер Тоқтар Әубәкіровпен кездесті

Бүгін Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейінде «Отанымның болашағы – жас сарбаз» атты әскери-патриоттық шара аясында қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровпен кездесу өтті.

Батырмен кездесуге Есіл ауданындағы мектептердің оқушылары да қатысты.

«Ана тілін ардақ тұтқан Тоқтар атамыздың аузынан шыққан әрбір сөзі жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мен білім нәрімен сусындатқандай болды. Мектеп оқушылары көкейде жүрген көп сұрақтарға жауап алып, ерекше әсерлі күймен тарқасты. Қазақтың атын шырқау көкке самғатқан Аңыз адамға барша қазақ елінің атынан алғыс білдіре отырып, жүз жасасын деп тілек білдіреміз», – дейді №76 мектеп-лицейінің директоры Сафура Сейдуәлиқызы.

Тоқтар Әубәкіров туралы уикипедияда:

1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, 1979 жылы Авиация институтын бітірген.

1962-1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).

1969-1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.

1975-1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, 1979 жылы Мәскеу авиация институтын бітірген .

1976-1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.

1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.

1989 жылы бірінші болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.

1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнологияметаллургиямедицинасалалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстанмен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

1992-1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары

1993-1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары

1994 -1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *