Шемонаихалықтар идеологиялық ескі атауды ауыстырудан бас тартты

Шемонаиха ауданына қарасты Выдриха ауылының тұрғындары идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын ауыстырудан бас тартты, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бұл туралы Выдриха ауылдық округінің әкімі Любовь Ступенько аудандық әкімдіктің ресми сайтында жазды.Телефон шалғанымызда ауылдың әкімі көшенің аттарын ауыстыруға халық наразы екендігін айтты.

– Кооперативная көшесін – Атамекен, Переулок Гвардейский көшесін – Рухани, Поддувальная көшесін Алтай атауына ауыстырмақ едік. Бірақ 15 қараша күнгі жиында ауыл тұрғындары наразылық білдірді, – деді ол.

 Бұл облыста идеологиялық ескірген атауларды ауыстырудағы бірінші бас тарту оқиғасы.

Суреттер shemonaiha.vko.gov.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *