Қазақ даласынан ауып барған ақбөкендер Түркіменстанда қырғындалуда

Қазақстанда ерте басталған қыстан пана іздеп, түркімен жеріне ауған жабайы құстар мен ақбөкендерді Түркіменстанның қаскөйлері жаппай қырып жатыр. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

«Олар негізінен билікте істейтін немесе күш құрылымында байланысы бар адамдар. Олар 5-6 моторлы қайықпен келіп, күніне мыңға жуық жабайы құстарды атады», — деген жергілікті аңшы.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атылған құс еті базарларда сатылып жатыр.

«Тапшылықтың салдарынан біз жабайы құстардың етін сатып алып жатырмыз. Олар жарты келі етті 40 манатқа сатып жатыр», — деді Эсенгулы ауданының аңшысы тілшіге берген сұқбатында. (Түркіменстан Орталық банк бағамы бойынша 1 АҚШ доллары — 3.5 манат)

Жабайы құстардан бөлек, ақбөкендер қазақ даласындағы қалың қыстан қашып келіп жатыр. «Балкан уәлаятының солтүстігіндегі Чолун гыры, Бегарслан және Гаплангыр қорықтарына қазақ даласынан ақбөкендер ауып келіп жатыр. Бірақ мұндай қастерлі аңдарды да қаскөйлер атып жатыр», — дейді құқық қорғау органдарындағы қызметкер.

Оның сөзінше, ақбөкендерді өлтіріп жатыр деген хабар жеткен соң, полиция қызметкерлері жазық далаға шыққан. «Біз көліктегі цистернадан қан ағып жатқанын байқадық. Барып тексерсек, 43 киікті өлтіріп, цистернаға тығып тастапты», — дейді жергілікті полиция өкілі.

centralasian.org

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *