Семейдегі 8 мектепке қазақтың ұлы тұлғаларының есімдері беріледі

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин сынды көптеген елеулі есімдермен қала мектептері аталып жатса, сол мектеп өзіне есімі берілген тұлғаның өмір тарихын зерттеп, әрбір оқушының парасатты болып өсуіне ықпал етпек, деп хабарлайды altaynews.kz.

Семей қалалық білім бөлімінің мамандарының айтуынша, олар білім ошақтарын мәжбүрлеп көндіруден аулақ.  Қоғамда ондай ой мүлде туындамауы тиіс. Себебі мектептерді бұғанағы әлі қалыптаспаған бастауыш сынып оқушылары, өтпелі кезең мезгіліндегі жасөсіпірмдер, бір сөзбен айтқанда әр түрлі жастағы балалар білім алып жатыр.

Білім бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай қала мектептерінің барлығына республикалық ономастикалық комиссияның ұсыныстарын жіберсе керек. Бірақ, бұрыннан белгілі бір тұлғаның есімі берілген мектептерді қайта ауыстырудың қажеті болмауы да мүмкін. Әр мектеп өз ұжымының және ата-аналарының таңдауымен ашық дауысқа салып, келісумен ғана белгілі бір тұлғаны таңдап алады. Мәселен, бұрындары тек сан ретімен ғана белгілі болған мектеп енді Бауыржан Момышұлы не Оралхан Бөкей есімдерімен аталса, сол тұлғаның Қазақ еліне деген сіңірген еңбегі, өмір жолына арналып, арнайы бұрыштар, сыныптар ашылуы мүмкін. Қалай дегенде де бұл мәселеде еркіндік және таңдау мүмкіндігі бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *