Латын графикасында жалпыхалықтық диктант өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 қарашасында сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша «Жалпыхалықтық диктант» өтеді.

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.

Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және Қазақ радио арналарында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады.

Жалпыхалықтық диктант барысы туралы радио, теледидар арқылы тікелей репортаждар ұйымдастырылады, хабарлар таратылады.

Қажетті ақпаратты emle.kz, tilalemi.kz сайттарынан аласыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *