Қытай компаниялары Тәжікстанның мақта өндірісін «басып алған»

Тәжікстанның оңтүстігіндегі мақта өңдейтін ондаған зауытқа Қытайдың «Джунтай Дангара Син Силу Текстил» компаниясы иелік еткеннен бері, осы саладағы отандық кәсіпкерлер жаппай шығынға ұшырап жатыр.

«Көптеген жергілікті кәсіпорын бәсекеге шыдамай, жабылып жатыр. Мәселе, қытайлық компания диқандардан мақтаны тоннасы үшін 5850 сомониға (634 АҚШ доллары) сатып алады. Ал біздің зауытта мұндай ақша жоқ. Әрине, диқандарға мақтаны қымбат бағаға сатқан әлдеқайда тиімдірек», — дейді «Самар» мақта өндіру компаниясының бас директоры Муслихиддин Фазлиддинов.

Оның сөзінше, екі жыл бұрын өзі басқаратын зауыт жылына 25 тонна мақта өндіріп келген. Онда 60-80 адам жұмыс істеген. Ал қазір кәсіпорын тоқтаған.

Ресми мәлімет бойынша, Куляб ауданында 14 мақта тазалайтын зауыт бар. Бірақ бүгінгі күні олардың бесеуі ғана жұмыс істеп тұр екен.

«Қытайлардың жағдайы басқаша, Оларда проблема жоқ. Қытай банктері ешқандай кедергісіз кредит береді. Олардың техникаларының бәрі жаңа. Бізде мұндай жеңілдік жоқ», — дейді «Самар» компаниясының басшысы.

centralasian.org

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *