Көтерілісшілер Камерунда кепілге алған 79 баланы босатты

Камерунның батысында 79 мектеп оқушысын ұрлаған көтерілісшілер кешкісін балаларды босатып, үш мұғалімді алып қалған.

11-17 жас аралығындағы балаларды кепілге алған көтерілісшілер француз тіліндегі барлық білім беру орталықтарын жабуды талап еткен.

Мектеп мұғалімдері балалардың психологиялық тұрғыдан жарақат алғанын, бірақ физикалық тұрғыдан дін аман екенін айтады.

Балаларды ұрлаушылар таратқан видеоға қарағанда, қылмыстың артында «Амба балалары» деп аталатын топ тұр. Олар — Камерунның батысында ағылшынтілді «Амбазония» мемлекетін құрғысы келетін сепаратистер. Биліктің мәліметі бойынша, Камерунның екі батыс провинциясында 10 көтерілісші ағылшынтілді топ бар. Олар билік өкілдеріне шабуыл жасап ғана қоймай, өздерінің идеологиясын қолдамайтын топтарға шабуыл жасайды.

Балаларды босату үшін билік әскери операция жүргізді. Бірақ оның қаншалықты сәтті болғаны белгісіз.

centralasian.org

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *