Рысбек Мәуіт: Математика пәніне арналған үш оқулық баспадан шықты

Сүйінші ағайын! екі ай баспадан күткен 5 кітабіміздің ақыры 3-еуі басылып келді.
1. Математика пәніне арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің тапсырмалары шешімдерімен.
Әрине, кейбіреулерге кітап жазу оңай шығар, Бірақ бұл біздің 4-5 жылдық еңбегіміз. Себебі, олимпиада есептерін шешіп жазып шығу екінің бірінің қолынан келмейді. Ал бұл кітаптің ұстаздар арасында сұранысқа ие екені соншалық, баспадан шығып болмай жатып, бүкіл республикадан тапсырыстар қаптап кетті.


2. Бастауыштың төрт сыныбына арналған «Математикалық олимпиада және логика» атты төрт кітап. Бұл төрт сыныпқа арналған төрт кітап та, жүйелілігімен, тақырыптарының ерекшелігімен, оқушы, мұғалім, ата-ана үшін де тиімділігімен ерекшеленіп кейбір мектеп ата-аналары сынып бойынша алуға тапсырыстар беріп жатыр. Алла қаласа, таза қазақша оқулықтарымызбен Петерсон қатарлы орысша кітаптардың орнын басамыз. Қазіргі сұраныспен олда көрініп тұр. «Білімнің негізі бастауышта». Сондықтан, бастауыш мектеп оқушысының логикасының өсіп-жетілуіне мән беру заман талабы. Сол үшін де қазірге дейін бастауыш сынып мұғалімдеріне 5 рет семинар беріп, 300-дің үстінде мұғалімді қамтыдық. Ал ол кісілерді барлығы біздің логикалық үйрету тәсілдерімізге таң-тамаша болды және қатты ризашылықтарын білдірді.
Қазірге дейін бұл кітаптардан шығып болған 1-, 2-сыныптарға арналған кітаптар. 3-, 4-сынып кітаптарының баспадан кешіккені үшін тапсырыс беріп қойған кісілерден кешірім өтінемін!
Әрине, кітаптың сұранысқа ие болғаны біздің еңбегіміздің ақталғаны. Табан ет маңдай терімізбен жазған дүниелерімізді көшіріп ала салған кісілерді де көрдік. Ол үшін де жігіттерді сабырға шақырып, «айтеуір қалай болсада xалыққа пайдасы тисе болды емес пе» — дедім.
Иә, азда болса ұрпақ үшін пайдасы тисе, игілікке жараса, сол біз үшін үлкен қуаныш!

Кітапты алу үшін: 8 (700) 212-32-67

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *