Головкинді жеңгеннен кейін «Канелоға» абыройлы сыйлық табысталды

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) Мексиканың жыл спортшысы атанды, ­­ деп хабарлайды ESPN Deportes.

«Канелоны» Ұлттық спорт жүлдесіне үмітер ретінде тіркелгені Мехикодағы Соумая мұражайында өткен WBC белбеуін табыстау рәсімінде айтылған еді. 

Альварес бұл белбеуді қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) қарымтада жеңіп алған. Боксшылардың екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтіп, алғашқы кездесу сияқты төрешілер шешімімен аяқталған. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *