Жаңа латын әліпбиі: Ақордаға «QAZAQSTAN» жазуымен жаңа Елтаңба ілінді

Еліміздің атауы латын қаріптерімен QAZAQSTAN деп жазылған. Бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қарашасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңына сәйкес күшіне енді.

Елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латын қарпінде «QAZAQSTAN» болып өзгертілді. Бұл Елтаңбаға енгізілген алғашқы өзгеріс емес. Бұдан бұрын 2017 жылы пантон түсі халықаралық Lab түс гаммасына ауыстырылған еді.

Өзгерістер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын қаріпіне көшіру туралы» Жарлығына сәйкес жасақталды.

Еліміздің Елтаңбасы, әмбеге аян, 1992 жылы қабылданды. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов.

BAQ.KZ

Фотолар: Бауыржан Жуасбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *