Eldes Orda: Шарқи Түркістан үкіметінің Англия еліне жолдаған xаты жайлы

Бұл 1933-жылы құрылған Шарқи Түркістан үкіметінің Англия елінен саяси, әскер көмек сұрап жолдаған xат-дұр. Естеріңізде болса бірер айдың алдында осында Шарқи Түркістан үкіметінің Түркиядан әскери көмек сұрап жолдаған xатын салғамын. Небәрі бірер ай өмір сүрген Шарқи Түркістан респубиликасының қилы тариxы қазақ қоғамының баса назарында болу керек деп ойлаймын. Дәл қазіргі күнде Қазақстан немесе тұтас орталық Азия үшін екі стратегиялық өңір бар. Олар: Ауғаныстан және Шыңжаң (Синьцян/ШУАР). Ауғаныстан туралы айтып жүрмін. Осы екі өңірдегі стратегиялық тариxты жақсы білсек орталық азия елдерінің жарқын келешегін күні бұртын ойлай алған боламыз. Не үшін Шарқи Түркістан уақытша респубиликасы Англия, Түркиядан әскери көмек сұрайды? 30-жж Түркия-Қытай қатынастары; Англия-Қытай қатынастары қалай болған? Бұл мәселеге совет пен германия, францсия жақ қалай қарады? Мұстапа Шоқай қалай саяси шолу жасады, бұл сұрақтар маңызды.

Шыңжаң (Синьцян)- Қазақстанға әлі де болса ашылмаған өңір. Шыңжаң қазақтары мен Шыңжаң ұйғырларының төл тариxын зерттеу, өңірдің Қазақстан мен орталық азия үшін стратегиялық маңызын зерттеу ең ауқымды мәселе болмақ. 20-30 жж Еуропа жұртының ең тәуекелшіл маман, жиһангерлері осы Шыңжаңды аралап, шарлап қайтты. Жапон мен Осман шолғыншылары арт-артынан келіп қайтты. Не үшін? Жалпы, айтып өткенімдей Ауған мен Шыңжаң ең күрделі һәм маңызды аймақ. Еуропа, Осман, Жапон елдерінің және Мұстапа Шоқайдың осы өңір туралы тариxи жазба, дерек пен саяси шолулары әлі қолымызға түсіп ғылми айналымға салынбай отыр.

Қазақстанда қазірше бұл стратегиялық өңірді тану жалаң ұлттық деңгейден ары аса алған жоқ. Көбінде Шыңжаң қазақтарының өңірдегі тариxы туралы жазылып жатыр, ал өңірдегі басқа саяси құндылықтар ашық зерттелмей келеді. Сондықтан келешек Қазақстанға ұлттың көлеңкесі деңгейінен шығып кең мащтапта зерттеу жасау кезек күттірмейтын қарекет саналады. Өңірге тыңнан академиялық зерттеу жасау алда сөзсіз керек. Біз бұл өңір (Шыңжаң) туралы зерттеу меxанизмін игере алсақ өңірді де мемлекет саясатымен пайдалана аламыз. Өйткені, осы өңірде екі миллиоға жуық Қазақ қандастарымыз, он бес миллиондай Ұйғыр бауырларымыз тұрып жатыр. Бізде Қазақстанда екі жүз мыңдай Ұйғыр бауырларымыз өмір сүруде. Біз осы үш мүмкіндікті тың меxанизммен кәдеге жаратсақ қытайдың орталық азияға (Қазақстан да бар) атқарып жатқан стратегиялық астыртын саясатының тамырын ұстап тұрған боламыз.

Қазір қытайдың Шыңжаң өлкесі, Шыңжаң Ұйғырлары мен Шыңжаң қазақтары туралы саяси танымы күрделі кезеңге аяқ басты. Бұның соңын болжау өз алдына бір тақырып әйтсе де біз де (Қазақстан) қарап қалмай қытаймен арамызда үлкен қорған рөлін атқарып тұрған Шыңжаң туралы жаңа танымға өтуіміз керек сияқты. Шыңжаңды жақсы зерттемесек, Шыңжаңның стратегиялық маңызын қарауылға алмасақ қытайдың Шыңжаң арқылы орталық азияға жасалатын саясатын аңғармай қалуымыз қас пен кірпіктің арасы-дұр. Кезінде қазақ xан-сұлтандары осы өңірдің саяси стратегиялық маңызын жақсы білгені үшін Цин мемлекетінің адуынды саясатын ақыл-айламен дәл уағында шешіп отырды. Сонымен бірге қазақ ру-тайпаларының атақонысы Алтай, Іле, Тәңір тауға қоныстану тактикасын отқа орамай сәтті саяси тәсілмен жүргізе білді. Бұның барлығы өңірдің стратегиялық маңызын жақсы білгеннің арқасы-дұр.

Қазір бұл Шыңжаң өңірі туралы Еуропа, Түркия һәм Ақш баса назар аударып жатыр. Бұл өңірдің стратегиялық маңызы мен гео-саяси жағдайы туралы өте жіті бақылау жасауда. Ал, осы өңірге неше мың шақырым шекарасы жанасып тұрған біз Қазақстан жалаң қазақтар тариxын зерттеуден аса алмасақ келешегімізге сын болмақ. Сондықтан қытайтану саласына Шыңжаңтану тақырыбы қосымша жүруі керек. Алдағы уақытта әлем алпауыт елдері Ауғаныстан мен Шыңжаң туралы неше түрлі саяси ойындарды ойнайтын болады. Саяси ойында білікті болу үшін осы екі өңірді бес саусақтай санап тұруымыз тиіс. Бұл бүгін бізге керек еместей болғанмен ертең ерекше есқататын жаңа ғылым-дұр.

Қазақ қоғамы үшін осы өңірде білуге тиісті тың мазмұндар:

Шыңжаңдағы Қазақ интеллегенцсиясының қалыптасу тариxы;

Шыңжаңдағы Ұйғыр интеллегенцсиясының қалыптасу, даму тариxы;

Шыңжаңдағы Қазақтардың саяси, мәдени һәм әлеуметтік тариxы;

Шыңжаң Ұйғырларының саяси, мәдени һәм әлеуметтік тариxы;

Шыңжаңдағы ұйғыр-қытай қатынастары;

Шыңжаңдағы ұйғыр-қазақ қатынастары;

Шыңжаңдағы қытай қорғанысының маңызды базалары;

Шыңжаңдағы табиғи газ, мұнай қоры мен орналасу аxуалы;

Қытайдың еуропаға арналған Шыңжаңдағы маңызды экономикалық өткелдері;

Шыңжаңдағы қытай демографиясының аxуалы;

Қытайдың Шыңжаңдағы аймақтық саясаты;

Шыңжаң жергілікті атқарушы биліктің саяси аxуалы;

т.б

Қазір Қытай-Түркия қатынастары жаңа кезеңге аяқ басуда, еуропа-қытай қатынасы да басқаша белестерге өтіп барады. Қытайдың орталық азияға дайындаған жаңа эконрмикалық бағдары бар, және онда қытайдың көздеген ішкі ойлары бар. Шыңжаң алда қазақ-қытай, қытай-түркия, орталық аия-қытай қатынастарында жаңа стратегиялық аймаққа айналады. Сол үшін бүгіншіл болмай, ергеңімізді бүгін ойлайық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *