Әлімханұлы «Айуанды» жеңгеннен кейін әлемдік рейтингте көтерілді

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісінен кейін өз дивизионында бірден 54 сатыға жоғарлады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы Әлімханұлы Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан. Оның қарсыласы «Айуан» лақап атты жергілікті боксшы Вон Александер (12-2, 8 КО) болды. Жекпе-жек толық сегіз раунда өтіп, қазақстандық төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Әлімханұлы жекпе-жек алды соңғы спаррингін WBC белбеуі үшін жұдырықтасқан боксшымен өткізді

Бұл жеңіс Әлімханұлын BoxRec рейтингінде екінші орта салмақ бойынша 109-шы орынға көтерді.

Осылайша, Әлімханұлы төрт жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр (біреуі нокаутпен), ал карьерасында 12 жыл үзіліс болған (түрмеде отырды) 32 жастағы Александер нокаутпен жеңген 12 жекпе-жектен кейін екінші рет жеңіліп тұр.

Жәнібек Әлімханұлының бапкері 11 жыл түрмеде отырған қарсыласпен жұдырықтасу қауіпін айтты

Бұл Әлімханұлының АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі. Бұл елде қазақстандық алғаш рет 28 қыркүйекте Карлос Галванмен (16-8-1, 15 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *