Тәуекел Мүсілім әкесі туралы кино түсірмекші

Белгілі актер Тәуекел Мүсілім әкесіне арнап кино түсіруді армандап жүр. Тек ол үшін актер жігіт біраз еңбектеніп, қаржы жинамақ ниетте. Ал әзірге Тәуекел фильмнің сюжеті мен құрылымын жоспарлауда.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Өзім жүзуге қатысамын. 1 сағат уақыттай тоқтамай жүземін. Сол уақытта неше түрлі ой келеді. Сол кезде әкем туралы фильм түсіремін деп ойлаған едім. «Өзіміздің қазақ бауырларымызға, қарындастарымызды қорғап, сес көрсетуіміз керек» деген сияқты, киноның басына әкемнің сөзін қойып, “САБЫР” деп жазып қойсам деймін. Басты рөлге әзірге білмеймін, мүмкін әкемнің рөлін өзім ойнармын”, – дейді Тәуекел.

Айта кетейік, Тәуекелдің фильмі әкесінің есімімен, яғни “Сабыр” деп аталуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *