Adal Sharip: Қазақ даласын қызылдар елесі кезіп жүр

Қызыл империяның іргесі сөгіліп, Тәуелсіз ел болғанымызға жиырма жеті жыл болса да, қазақ қоғамының кейбір коммунистік таным-түсініктерден әлі де арыла алмай отырғаны жасырын емес.

Соның ішінде бүгінгі Қазақ Елінің даму үрдісіне кереғар әсер етіп отырған қарапайым тұрғындардың ой-түйсігіндегі біз аса мән бере бермейтін кейбір советтік танымдарды сөз етіп көрейікші:

  • Біріншісі –  жемқорлық. Қызыл империя ешқашан анау айтқандай тап-таза қоғам болған емес, ол заманда әр адам тынымсыз жүмыс істеді және оның қарымжысына алатын ақысы мардымсыз еді. Бұл кейбір адамдарды қанағаттандырмағанымен қоймай, үкімет қазынасын есепсіз аққан судай көретіндіктен, мемілекет мүлкіне қол сүғуды, өз еңбегінің бодауы ретінде қылмыс сезінбейтін әрі одан тартынбайтын.

Бұл жағымсыз қасйет сондай-ақ, бүгінгі біздің қоғамға әлі де кесірін тигізіп отыр. Ол ірі жемқорлықтардан тартып кішігірім ұрлық-қарылықтан да көрініс береді.

  • Екіншісі –  қатып қалған қағидалармен өмір сүру, жаңалыққа дайын болмау. Өткен ғасыр адамдардың ой-санасы бұғауланған, тұмшаланған қоғам болды. Ал қазақтар ежелден ұлы даланы мекен етіп, көшпелі тұрмыс кешкен, емін-еркін жұрт еді. Бұл олардың тұрмыс тіршілігіндегі еркіндік қана емес, жан дүниесіндегі сана еркіндігі мен жаңалыққа деген құштарлықты қалыптастырды. Ал коммунисстік диктатура қазақ даласына орнай сала сол кездегі еркін ойлы қазақ интелегенциясы ең ауыр шығынға ұшырады. Жетпіс жылдық езгі адамдар санасын мұгедекке айналдырды.

Сол себепті, бұгінгі кұнде қазақтар арасында тосын идеялар мен жаңалықтар енгізу өте қиын.

  • Үшіншісі –  батысты жек көру психологиясы. Қырғиқабақ соғыс кезінде СССР өзінің бітіспес жауы АҚШ-ты барлық жақтан жағымсыз етіп көрсетті. Бүгінгі орыс тіліндегі ақпараттар мен информацияаның біздің кеңістікте әлі де үстем орында екнін ескерсек, ол біздің қарапайым ел тұрғындарының АҚШ-пен батыс елдеріне деген көзқарасын әлі де дұрыс бағытта қалыптастырмай отыр. Өткен заман және келер болашақта батыстың техникалық прогресстермен инвестицияның отаны болып қала беретінін ескерсек, бұл біздің батысқа жақындасу және өз дамуымызға қажетті мүмкіндіктерді алуымызға кедергі екені белгілі.

Кез келген ел өзінің даму барысында бірегей және біртұтас ұлттық болмысты қалыптастырмай, ешқандай да жетістікке жете алмайды. Қазақ үкіметі ендігі жерде «комсомол мен» «ұлы отан соғысының» мерейтойларын атап өтуден және еліміздің басты алаңдарында қызыл империяның белгілерін орнатып, қызыл жалауды асқақтата желбіретуден гөрі, біртұтас жаңаша ұлттық болмыспен, тілдік-діндік, жаңа жүйені қалыптастырып, жат елге жалпақтайтын жалған интернационализм мен өз руханиятынан безінетін құлдық психологияға нүкте қоюы жаңа әлемдік қауіп-қатерлер алдындағы ұлттық иммунитетпен патыротизмды қалыптастыруы керек-ақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *