Франция құрамасының жанкүйері желкесі үзіліп, мерт болды

Франция құрамасының 50 жастағы жанкүйері ұлттық команданың 2018 жылғы чемпионаттағы жеңісін тойлау кезінде мерт болды, – деп хабарлайды kunnews.kz ақпараттық проталы  The Local-ге сілтеме жасап.

Бұл оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Анси қаласында болған. Франция мен Хорватия арасындағы финалдық матч аяқтала салысымен ер адам қуаныштан су арнасына секіріп, желкесін үзіп алды. Бұл жердегі су таяз болып шыққан. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамды құтқара алмады.

Сонымен бірге, Францияның бірнеше қаласында ел құрамасының 2018 жылғы чемпионаттағы жеңісті тойлау кезінде тәртіпсіздіктер орын алған. Полициця жиналғандарды тарату үшін көз ашытатын газ бен су атқыштар пайдаланған.

Франция құрамасы Хорватияны 4:2 есебімен ұтып, өз тарихында екінші рет чемпион болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *