Қытайдың солақай саясатынан зардап шеккен қандастар (Видео)

Бір жылдан астам уақыттан бері көрші қытайдың батыс өңірлерінде, әсіресе, мұсылман ұлттар қоныстанған аймақтарда жүргізіп отырған біржақты саясаты тым қатал және аянышты.

«Саяси үйрену лагері» деп аталатын концлагерлерге қамалған қандастарымыздың көбі ажал құшуда немесе кемтар, ауру болып оралуда.

kunnews.kz ақпараттық проталы алдағы уақыттарда шетелдегі әсіресе, қытайда тұратын қандастардың көріп отырған қысымы жайлы нақты ақпараттар беруге құлшынады.

Арлан Қасқыр деген атпен тіркелген желі қолданушысы ютуб желісінде: «Қытай билігі көзсіздікпен барлық мұслман қауымын жаныштап жатқанын бірі білсе бірі білмес. Осы зұлым саясаттың құрбаны болған қаншама қазақ бар, біз білмейтін. Бұл бір ерекше надандық, озбырлық, диктаторлық, өзімшілдік, фашистік. 21- ғасырда диктаторларға жол жоқ!» деп жазыпты.

Ұларбек Дәлейұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *