ҚЫТАЙ ИНВЕСТИЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚЫТАЙЛАНДЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ

Кеше Қазақстан-Қытай аграрлық инвестициялық форумында ҚР Ауылшаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева Қазақстанға қытайдан көшірілетін 51 зауыттың 6-сы ауылшаруашылығына қатысты екенін айта келіп, ол зауыттарды іске қосу кезінде қытайдың немесе басқа да шетелдің жұмысшыларыныңшақырылатынын айтты.

Қытайдың 51 зауытына қанша қытай жұмысшысының Қазақстанға қоныс аударатынын билік әлі күнге айтпай отыр.

Ресми мәлімет бойынша Қазақстан азаматтығын алған этникалық қытай азаматтарының саны 300 мыңнан асқан. Шын мәнінде одан ондаған есе көп болуы мүмкін.

Қытайдың әрбір инвестициясы, әрбір зауыты Қазақстанды қытайландыруға даңғыл жол ашып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *