Астанада ірі бассейн ашылады

Көпфункционалды «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында ауданы 1352 шаршы метрді құрайтын бассейн есігін айқара ашпақ, деп хабарлайды kunnews.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұзындығы 50 метрді құрайтын 10 жолағы бар бассейннің ені – 25 метр. Мұнда себезгі кабиналары, шешінетін кең бөлме бар. Бассейндегі су 8 деңгейлі тазартудан өтеді. Бассейн түбін роботтар тазартады.

Ол күн сайын сағат 7:00-ден 23:00-ге жұмыс істейтін болады.

Медициналық тексеріс жөніндегі анықтама мен бассейнде жүзуге арналған бас киім міндетті түрде қажет.

Фото: Aquastars

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *