«Шығыстың жыртқыштары». Қазақ және өзбек боксшыларының Америкадағы жарнамасы

14 шілдеде рингке шығатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлиханов (2-1, 2 КО) «Шығыстың жыртқыштарының» бірі атанды, – деп хабарлайды kunnews.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

28 жастағы Уәлихановтың алты раундтан тұратын жекпе-жегі Голливудте өтеді. Қазақстандық боксшы былтыр сәуірден бері жұдырықтаспаған, бұл жолы оның қарсыласы 29 жастағы америкалық Дарел Харрис (1-2-1, 1 КО).

Бұл бокс кешіне шолу жасалған постерде Уәлиханов пен тағы үш боксшы Beasts From The East ретінде таныстырылған. «Шығыстың жыртқыштары» қатарына өзбекстандық екі боксшы және ураиналық Дмитрий Митрофанов (2-0, 1 КО) кіріпті. Орта салмақта жұдырықтасатын Митрофанов Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері болған.

Ал екі өзбекстандық боксшы да Олимпиада жүлдегерлері – 23 жастағы Муроджон Ахмадалиев (2-0, 2 КО) және 25 жастағы Шахром Гиясов (2-0, 1 КО). Алғашқысы Қайрат Ералиевке, екіншісі Данияр Елеусіновке қарсылас болған.

14 шілдеге төрттен алты раундқа дейінгі 12 кәсіпқой жекпе-жек белгіленген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *