ҚР СІМ Қытайда ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

Қытайдағы этникалық қазақтардың қатты қысымға ұшырап жатқаны туралы ақпарат көп жарияланып жатыр. Жуырда ақпарат агенттіктері Қазақстандағы отбасына жету үшін шекараны амалсыздан заңсыз кесіп өткен Сайрагүл Сауытбайдың мәселесіне қатысты ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сауал жолдаған болатын. 

Міне, сең қозғалып, аталған мәселе мемлекетаралық деңгейде талқылана бастады. Бейжіңде өткен кезекті Қазақстан-Қытай консультациясында Қытайдағы этникалық қазақтардың жағдайына қатысты мәселе қозғалды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, ал Қытай делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Го Шаочунь басқарды.

Тараптар консулдық саладағы мемлекеттер арасындағы ынтымықтастық пен азаматтардың құқықтарына қатысты келіссөздер жүргізді.

 

Қазақстанның жұмыс тобы соңғы кездері елімізде қызу талқыға түсіп жатқан Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған этникалық қазақтардың жағдайына қатысты мәселені қозғады.

«Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтардың істерін объективті және әділ қарау мен оларды босату туралы табанды тілек айтылды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы этникалық қазақтардың мәселелерін шешудің ортақ амалын ойластыруға уағдаласты», — делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *