Кемтар қария ақыры елден «қуылатын» болды

Бұдан бұрындары сайтымызда  «Мен қытайға қайтпаймын!»: Қазақ Еліне көшіп келген ауру қарт араша сұрайды« және «Министр Қасымов мүгедек оралманға көмектесуге уәде етті» деген тақырыпта мақалалар жарияланып порталымыздың бақылауында болып келген Ақмола облысының Ерейментау ауданына көшіп келіп, түрлі қағазбастылықтан тіркеу уақыты өтіп кеткен қарияның дауы мәселесі оң шешімін таппады.

Ішкі істер министры Қасымовтың алдына дейін барған оралман қария қытайға қайтарылатын болып шешім шыққан көрінеді. Бұл туралы осы істің басы-қасында жүрген «Рух жаңғырығы» қоғамдық қорының жетекшісі Ұларбек Дәлейұлы өзінің фейзбук әлеуметтік парақшасында жариялады.

Біраз уақытқа созылған күресіміз нәтижесіз болды…
Кемтар қария ақыры елден «қуылатын» болды.
Әне-міне деп үміттендіріп келген құзырлы орындар ақыры қарияға жәрдем қолын соза алмады.
Қытайдағы сұрапыл қысым болса анау. Елге келген аз қазақты алып қала алмағанымыз мынау, тым өкінішті. Біз толыққанды Ел болып тұра аламыз ба, осы?

Осылай назын айтқан ақының жазбасына оқырмандар түрлі пікірлер қалдыруда. Оқырмандардың көбісі қарияны осында алып қалуды, бірден азаматтық беріп, құжаттарын реттеп беруді сұрап жатыр.

Идеально для фитнеса: резинка для фитнеса от Базо Про

7 Комментариев для “Кемтар қария ақыры елден «қуылатын» болды”

  1. Елде қалуы керек. Ол қазақ халқының ұлы,əкесі,атасы,қарты, қазақтың қамқорлығына зəру адамы. Қайтарылмасын!!! Халайық, бұл не қорлық?

  2. ол қария қытайға барса жағдайы не болады қытай қазағы онсызда қысым астнда жасап жатыр қариямыз қытайға қайтарлмасын

  3. Ассалаумағалайкум қазақ елі амалдың барында осы атаған құжат беріп елге алып калаиык аитпесе елдйгмизге үлкен сын намыс қаида халқым комектесеик қанша ғұмыры қалды бұл қария ның

  4. Казакстан ауели казактын камын ойлау керек, елиме кайтам дегенге казакка комектесип,жашдайын жасап бир кунде азаматшалыгын беру керек. Казакты ойламаган Казакстаннын куны 1тиын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *