Қытайда тағы бір қандасымыз жазықсыз көз жұмды

Қытайда белгісіз жағдайда тағы да бір қазақ қандасымыз қайтыс болды, — деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қытайдың Шыңжаң билігінің қазақтарға жасаған қысымының кесірінен тағы бір қандас азаматымыз Қытайда белгісіз жағдайда қайтыс болды.

Қытайдан әйелі және 2 баласымен көшіп келген Мамажан Асанқадыр 2017 жылдың 17 қыркүйегінде жеке жұмыстарымен шекара асқанда Қытайдың Текес аудандық сақшылары еш себепсіз төлқұжатын тартып алып, Қазақстандағы отбасына жібермей қойған. Оның отбасы 6 ай бойы асыраушысыз қалған еді . Енді міне, сол азамат белгісіз жағдайда көз жұмып отыр.

Қытай тараптың айтуына қарағанда Мамажан Асанқадыр өз-өзіне қол жұмсаған. Оның туыстары мен жаназаға жиналғандар бұл жалған ақпарат екенін, Асанқадыр ешқашан да өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін еместігін айтады.

Жазықсыз шейіт кеткен марқұмның Қытайда жаназасы шығарылмайтын болғандықтан 14 наурыз күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылы, Прометей дачасында жаназа намазы оқылды.
Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *