Абдолла Қарсақбаев: Бізде осындай да күлкілі жайлар болып тұратыны бар

«Анау, «Менің атым – Қожадағы» бес жасар Дәулет, ол тіпті, дүнгеннің баласы. Лайықты бала таба алмай, сарылып, бітіп тұрғанымызда, бір көмекшім: «Біздің бір көрші дүнгеннің кішкентай, тақылдап тұрған Юсуф деген баласы бар, соны көрсек қайтеді?» – дегені.

Барсақ, түрі де келеді, өзі де тақылдап тұр, табанда қабылдадық. Енді мен сол баланың эпизодқа қалай түскенін айтып кетейін, қызық болды. Есі кірген балаларға өзің актер боп ойнап, түсіндіруге болады, ал мынадай бес жасар балаға не демексің?

Бір ғана анадай жерде тұрған бөшкеден су әкелдіруге бір күн уақытымыз кетті. Бірде бара жатып, айдалаға жүгіріп кетеді, енді бірде өзі су ішіп, сосын жан-жағына шашып ойнай ма-ау, тіпті бірде даладағы көбелекті қуып кетіп қалды.

Қойшы, әйтеуір, ақыр аяғында бүкіл тобымызбен көбелек қуып, бір қорапша көбелекті сыйға тартып, зорға көндіргенбіз.

Бізде осындай да күлкілі жайлар болып тұратыны бар».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *