Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісін тойлады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Нью-Йоркте мексикалық боксшы Алехандро Торреспен жұдырықтасып, 6 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек Madison Square Garden аренасында өтті. Мейірім алғашқы раундтардан бастап-ақ қарсыласын қыспаққа алды. Төртінші раундта кездесу тоқтатылып, мексикалық боксшыға медициналық көмек көрсетілді. Алтыншы раундта төреші кездесуді тоқтатып, Мейірім техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

— Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бірақ өзімнің көрсеткен өнеріме көңілім тола қойған жоқ. Ойлағандарымның көбісін жүзеге асыра алған жоқпын. Бокс болғандықтан, бірде ерте жеңесің, бірде соңына дейін созылады. Мексикалық болғасын осындай бокс та күттім. Бір апта тынығып, одан кейінгі жоспарларды түзетін боламыз, — деді Мейірім Массагет тілшісі Жолдас Өрісбайға берген сұхбатында.

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 6-шы жеңісіне қол жеткізді. Оның 5-де қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп шыққан.

Айта кетейік, осыған дейін Нью-Йорктегі бокс кешінде Мадияр Әшкеев доминикандық боксшы Хосе Антонио Абреуді бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Мадияр да, Мейірім де танымал менеджер Эгис Климаспен келісімшарттағы боксшылар.

Нью-Йорктегі бокс кешінің басты кездесулерінің бірінде жартылай ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Дмитрий Бивол WBA чемпиондық атағын қорғап қалды. Ол 12 раундта кубалық Салливан Баррераны нокаутқа түсірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *