Тәжікстанда талапкерлерге «Ұлт лидері» жайлы эссе жазуды міндеттеді

Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлер жазуы тиіс эссе тақырыбын бекітті. Болашақ студенттер «Пешвои миллат- ҳомии миллат» («Ұлт лидері – ұлт қорғаушысы») немесе «Пайравони Пешвои миллатем!»(«Біз – Ұлт лидерінің ізбасарларымыз») деген еркін тақырыпта эссе жаза алады.

Тәжікстанда биылдан бастап талапкерлер қай тілді мектепті бітіргендеріне қарамастан, эссені тек тәжік тілінде жазатын болады.

Талапкерлерге 60 тақырып ұсынылады екен. Олардың ішінде «Ұлт лидеріне» арналған эсселерге басымдық берілмек.

Эссені тек мемлекеттік тілде жазу жөнінде 2015 жылы Білім күнінде Тәжікстан президенті ұсынған.

Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келеді. 2015 жылдың желтоқсан айында Тәжікстан парламенті жаңа заң қабылдап, оған Ұлт лидері деген мәртебе берді. Ол бұл заңға сәйкес, өмір бойы ел басқара алады.

centralasian.org

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *