Рысбек Мәуіт: «Алтын сақа» олимпиадасының үш үлкен ерекшелігі

Біріншіден, тапсырмалардың кең көлемділігі, жаңалығы. Олимпиада 100 ұпайлық өлшем бойынша жасалған, тапсырмалары алуан түрлі, жаңадан жасалған, қызықты болып, нағыз жүйрікті таңдап алу мүмкіндігі өте жоғары. Мысалы, 4-сыныптар бойынша ең жоғары ұпай 79 болса, келесі 70, 69, 63 болып кетеді.

Тапсырмалар туралы мына сілтемеде: http://zerdeli.kz/archives/2888
Екіншіден, жариялығы. Олимпиада өткеннен кейін, тапсырмалар сайтқа салынып, оқушы (немесе мұғалімі) өздерінің қалай жазғанын, қанша ұпай ала алатынын мөлшерлей алады. Нәтижесі тексеріліп болғаннан кейін сайтқа ілінеді.
Үшіншіден, соңғы жылдары «Алтын сақа» олимпиадасында үрдіске айналған, ынталандыру сыйақыларының берілуі. Бұл да xалыққа үлгі болса екен деген ниет!

Шетелден үй алып, ақшасын далаға шашып жүрген қаншама азаматтарымыз бар. Соның бір азғантай бөлігі болса да, білімді ұрпақтың шабытын оятып, білігін көтеруге жұмсасақ, еліміздің ертеңі нұрлы болмақ!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *