Қазақстанда жұмыссыздар саны 440 мыңға жетті

2018 жылдың қаңтарында жұмыспен қамту қызметінің көмегіне 92,6 мың қазақстандық жүгінген, деп хабарлайды kunnews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

 Елімізде жұмыссыздар саны 440,3 мың (4,9%) адамды құрады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жұмыспен қамту қызметіне тіркелген жұмыссыздар саны 1 млн адамды құрады, бұл экономикалық белсенді халықтың 1,1%-ы деген сөз.

Одаққа мүше елдерде жұмыссыздар деңгейі 5,3%-ға тең (Арменияда — 16,5%, Белоруссияда — 5,8%, Қырғызстанда — 7,2%, Ресейде — 5,1%).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *