Студент жастарға да Оралман куәлік керек пе?

Оқыраннан келген сұрақ: Мен қытайдан келген студент жас едім. Жақында азаматтық алайын деген едім. Алдымен ықтиярхат алдым. Енді Оралман кулік аласың деп жатыр. Сұрайын дегенім студент жастарға да Оралман куәлік керек пе?

 

Қазақстан Республикасының «Азаматтығы туралы» Заңының 16-1 бабында «Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:

  • тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар» деп жазылған.

Сол үшін Қазақстан Республикасының азаматтығын алғысы келетін кез келген этникалық қазақ «Оралман» мәртебесін алуы керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *