Оралман мәртебесін қалай алуға болады

Қазақстан Республикасы аумағына өз бетімен келген этникалық қазақтар оралман мәртебесін алу үшін өтінішті жергілікті атқаруушы органдар немесе Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады. Өтініш беруші  мынадай құжаттарды беруге тиіс:

  • өтініш;
  • өмірбаян;
  • өлшемі 3х4   2 фотосурет
  • өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетел паспорттарының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың  туу туралы куәліктерінің,) нотариалдық куәландырылған аудармасы бар көшірмелері .
  • жеке сәйкестендіру нөмірін беру туралы анықтаманың көшірмесі, немесе отағасының , сондай-ақ әр отбасы мүшесінің (болған жағдайда) ЖСН болуын  растайтын өзге құжаттар.

Орамлман мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу өтініш беруші және оның отбасы мүшеері туралы деректерді «Оралман» электрондық деректер қорына енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.

Жергілікті  атқарушы орган  оралман мәртебеін беру туралы шешімді өтініш жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей қабылдайды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оралман мәртебесін беру туралы өтініш береді.

Оралмандар деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі оралман куәлігі беріледі.

Этникалық қазақтарды және олардың отбасылары мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте және мерзімде жүзеге аырылады.   Бейімдеу және ықпалдатыру қызметтерін көрсету үшін оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары құрылады.     Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тұруының тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетудің тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды

ҚР азаматтығын алғаннан кейін оралман мәртебесі тоқтатылады.

egov.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *