Шыңжаңдағы қазақтардың қытайлармен күресі

Шығыс көршіміз Қытайдың Алтай, Іле, Тарбағатай сияқты үш үлкен аймағын мекендейтін қандастарымыздың қанды кешірмелері өз алдына зерттеуді қажет етеді. Тарихи деректер бойынша, жоңғар шапқыны тұсында «Аңырақай шайқасынан» кейін есін кілт жиған қазақтар жаңаша ел құрудың жоспарын жасай бастады. Қазақ билеушісі атақты Абылай баһадүр орта жүздің керей, найман руларын шығыстағы шөбі шүйгін, суы тұнық, оты мол құтты жерлерін басып, қазақтың атақонысы етуге жіберген екен.

Сол жылдары қырғын тапқан жоңғардан босаған ежелгі қоныстарына қайта барып, күл төгіп, ірге жайған қазақтар бертінгі қытайдың күші мығым коммунист армиясы келгенге дейін сол өңірді өзге жаулардан қорғап, от жағып, түтін түтетіп келген. Өткен ғасырдың 20-40 жылдары арасындағы бір сәттік оқиғаны баяндайтын зерттеу мақаласын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Баркөл қазақтарының шығысқа аууы (1)

1864 жылы Шыңжаңда дүнген, ұйғұр, қазақ халықы Чиың патышалығына қарсы көтерліс жасады. Келесі жылы Қоқан хандығынң әскери атаманы Яһұпбек (Жақыпбек) орайдан пайдаланып, Шыңжаңға басып кіріп, Қашқар аймағын бөліп билеп отырған дүнгеннің феоадал басшыларымен бірге 1867 жылы Тәңіртаудың оңтүстігі мен солтүстігінде бірнеше қаланы алып, Байдаулет хандығын құрды.

1872 жылы Шар патыша Жақыпбектың Байдаулет хандығының ханы екенін ашық мойындады. 1874 жылы Англияда Байдаулет хандығын мойындап «сауда шартын» жасасты. Сонымен қатар, қыруар қару-жарақпен қамдады, 1876 жылы Чиың қолбасшысы Зозұңтаң Шыңжаңға қалың қол бастап келіп, Жақыпбекке жазалау жорығын жүргізіп, 1877 жылы Шыңжаңды қайтарып алды да, Жақыпбек өзін-өзі өлтіріп тынды.

Осы кезде Алтай қазақтары да төре тұқымдарының езгісіне шыдамай, жан-жаққа ауа бастаған-ды. Мұның ішінде Мұқы, Топай бастаған ел Барлық пен Жайырдан Ілеге ауып кеткен қызай руларының қонысына көшіп барды. Қамысбай, Жамысбай бастағандар Баркөлге қарай көшкен, Бөке батыр бастағандар Тәңіртау қойнауына беттеген.

Баркөлге барған қазақтардың басшысы ағайынды Қамысбай мен Жамысбай деген кісілер. Қамысбай екі әйел алып, бәйбішесінен үлкен ұлы қайса 1880 жылы дүниеге келген. 1883 жылы кіші ұлы Әліп туған, тоқалынан 1885 жылы үшінші ұлы Қожабарген, 1887 жылы төртінші ұлы Қожақын туған.
Қамысбайдың төрт ұлы ат жалын тартып мінгеннен бастап Баркөлді билеген, негізінен Әліп іс басқарған. Оның ақылшылары мен қолғанаттары Қайса, Шүленбай, Мұнанбай, Елекбай деген адамдар еді. Баркөл, Құмыл, Мори, Шонжы сияқты шығыс Шыңжаң районы осылардың билігінде болатын. Бірақ, олар сыртқы моңғолымен үнемі қақтығысып, жібек жолының саудагерлерін тонаумен болды.

1911 жылы Сүн Жұңшан Шиыңхай төңкерісіне басшылық етіп, Чиың патышалығын аударып, Жұңхуа миынгоны құрғаннан кейін, Үрімжінің дутұңы Яң Зыңшыиң шекара басшысы әрі Шыңжаң өлкесінің дубаны болады. Ол Шыңжаңдағы жергілікті күштерді және әр ұлт біліктілерін қолға қондыру үшін Алтайдағы Ален уаңның інісі Шәріпханды, шығыс Шыңжаңның мықтысы Әліптің үлкен ұлы Елісхан және Тарбағатайдағы мыңбасы Мамырбектің ұлы Қызырды Үрімжіге әкеліп оқытып, оларға қытайша үйретті. Кейін Шыңжаңның жағдайы аумалы-төкпелі болып кеткендіктен, Яң Зыңшин жергілікті орындағыларды өз шеңгелінде мықтап ұстап отыру үшін Шәріпханды Буыршын ауданының әкімі, Елісханды шығыс Шыңжаң шекара қорғаныс үлкен отриядының отрияд бастығына тағайындайды. Ол кезде Елісханда 200 мылтық ұстаған мықты қарулы күш бар еді. Бір шетті бөліп алып, Үндістаннан, Пакістәннан, Ауғанстаннан және өңтүстік Шыңжаңнан, Моңғолияға жүрген саудагерлерді тосып, кеуендерді тонады, осының кесірінен Моңғолиямен болған қатынасы қатты шиеленісіп, әр екі жақ қапысын тапқанда қарсы жағын қан қақсатып отырды.

1927 жылы Жияң Жиешы қозғаған «12 сәуір» төңкерстік өзгерісінің ызғары Шыңжаңды да шарпып, Фан дауиың Яң Зыңшинды өлтірді, Жиын Шурын орайдан пайдаланып таққа шықты. Ол Шыңжаңдағы әр ұлт халқын езіп-жаныштауда Яң Зыңшиннан асып тұспесе, кем соққан жоқ.

1931 жылы Құмылдағы Тухулу өңіріндегі кертартпа атаман Қожанияз қол жиып, Жиын Шурынге қарсы шықты. Өз күшін әлсіз сезінген Қожанияз сенімді адамы Жолбарысты Гансуға жіберіп, Мажұңиңнан көмек күтті. Өзін Гансу, Чиыңхай, Ниңшия бірлескен армиясының бас қолбасшысымын деп жүрген Мажұңиың осы орайда ықпалын кеңейтпек болып, әскер бастап батысқа қарай тартты. Ол Шыңжаңда ислам мемлекетін құру қиялында болды.

Мажұңиың Жолбарсты бригада бастығы етіп тағайындаған соң, Жолбарыс Баркөлге барып Әліпті тауып, оның шығыс Шыңжаңның қожасы екенін мойындады жане оның ат, қару шығарып Қожаниязбен Ма Жұңиыңды қолдауын өтінді. Әліп олардың Шыңжаңдағы діни күштің қолдауына ие болып отырған белділер деп санап, өзінің арқа сүйер күші есептеп, жүз ат, мың қой беріп, Қожаниязбен Мажұңиының Жин Шурынға қарсы соғысын қолдады. Жин Шурын бұл хабарды естіп, Шың Шысайды шығыс Шыңжаңның бас қолбасылығына тағайындап, әскер шығарып Қожанияз бен Мажұңиыңға төтеп бермек болды.

Шың Шысайдың қосыны Жетіқұдыққа барғаннан кейін, ол да Әліптен ат-көлік сұрады. Әліп Шың Шысайды кірме, іргесі бос деп қарағандықтан, оның үстіне «өзімде төрт мың түтін, неше жүздеген қару бар, кейін Шың Шысайдың кек алуына да төтеп берермін» деп шолақ ойлаған ол Шың Шысайға көмек бермегенімен қоса жіберген өкілдерін байлап тастайды. Сөйтіп Әліп Моңғолиямен бұрынғы араздастығына қосып, Шың Шысайды артқы пердеде қолдап тұрған совет одағын да шапқа түртіп алды.

1933 жылы 12 сәуірде Шың Шысай алға басар бейіне көрсетіп совет одағына майша жағып, сеніміне ие болды да Жиын Шурынды аударып Шыңжаңның тарих сахынасына көтерілді. Ол кезде совет одағы, Моңғолия жане оңтүстік Шыңжаңның жоғары жіктегілері жібек жолы саудасының іркіліссіз, қауіпсіз болуы үшін, бірлесіп шығыс Шыңжаңдағы өспені алып тастамақ болып келіседі.

Сондықтан олар Шың Шысайдан Елісханды шығыс Шыңжаң үлкен отрияд бастығынан алып тастауды және Әліптің қолындағы барлық қаруды жиып алуды талап етеді. Бұл ой Шың Шысайдың қулық пен кесепат толған шақша басында бұрынан бар еді. Бірақ, Әліптің шығыс Шыңжаңдағы күші мығым болатын, оның қазақтардан ұйымдастырған мыңға жуық қолы соғысқа шебер, шетінен батыр, совет армиясының ауыр типті қарулары да, Моңғолияның атты әскерлері де оларды жоя алмаған. Десе де, оларда саяси тактика, әдіс-амал, ұйымдық тәртіп, әскери белгілеме, халықтық заң- жарлық дегендер өте кемшіл еді. Оның үстіне қазақтар рушыл келеді, бірінің аяғынан бірі шалғанға келгенде жүрып тұр. Бұл мәселелер олардың ең әлсіз жері болғандықтан, әккі Шың Шысай «қамалды сыртынан бұзғаннан іштен бұзған ең оңай болады» деп түйіп, жансыздарын жіберіп, Әлптің шешесі басқа інілерімен болған қайшылығын ушықтырып, оларды ішкі жақтан бөлшектеуге ұрынды.

Ол кезде бәйбішеден туған Әліп пен Қайса билік жүргізіп, жердің ең шұрайлысын иемденіп алып, тоқалдан туған екі інісі Қожаберген мен Қожақынға сәл қараған болатын. Бұған тоқалдан туған балалар өкпелі жүретін. Сөйтсе де олар ағаларынан аса алмағандықтан дымдары ішінде болып, Баркөлдің басқа жерлерінен қоныс іздеп, іргесін айыру қамында жүруші еді. Міне, осындай берекесіздікті қанқорлар сезе қойып, Моңғолиялықтарды пайдаланды. Олар бөгде ниетте Қожаберген мен Қожақынды «Моңғолиядағы Алатауға көшіп келіңдер» деп шақырады.

Шың Шысай жіберген жансыздәр да отқа май құйып, «Шың Шысай қалың қолмен келіп Әліп пен Қайсаны жояды. Олармен қоса екеуіне ергендерді де аямайды екен. Қара қазан, сары баланың амандығы үшін екеуің тезірек ағаларыңнан бөлініп, Моңғолияға көшіңдер» деп қолтықтарына су бүркеді. Бастарының амандығын көздеген екеуі 60 түтінді бастап Моңғолияға қарай көшеді. Бұл хабарды естіген Әліп 200 адам қосып Елісханды көшкен елді тосуға жібереді. Сырттан бас бағып жатқан Шың Шысай Әліптің елі дүрлігіп, өздерімен өздері болып қорғаныстары босап, салғыртсыған орайда Баркөлдегі қазақ ауылдарын жеке-жеке қоршауға алады. Тек, Әліптің өз ауылына күшейтілген 1200 адамдық әскерін жіберіп, өзге бір бөлім әскерлерін Елісханның соңынан түсуге бұйрады.

Жау келгенде Әліп ауылда жоқ еді. Бұрыннан Әліппен қоян қолтық араласып оның зор сеніміне ие болған Ма фамилиялы Шың Шысайдың жансызы Әліпті тауып, оны алдап-арбап қоршау шеңберіне кіргізеді. Әліп қаннен-қаперсіз табалдырықтан аттап кіргенде, Шың Шысайдың адамдары оны атып өлтіріп, басын кесіп алып кетеді. Онымен қоймай жендеттер сол ауылдағы 60 түтіндегі карі-жас, бала-шағаны жиыны 200 адамды түгел қырып, бейкүнә қазақтарды қызыл қанға бояйды.
Елісхан Моңғолияға қарай көшкен кіші әкелерін тосып, ақылға келтіріп оларды қайта қайтарып келе жатқан кезінде өздерінің соңына түскен жарым полк аскермен ұшырасады да, олармен айқаса кетеді.

Қазақтар жақ басым келіп, Шың Шысайдың әскерлерін қынадай қырып, түгелімен көзін құртады. Десе де Елісхан кешіккен еді. Әліптің ауылын шапқан әскерлер Мориға асып кеткен болатын. Олар қуа соғысқанымен Елісхан әкесінің басын алып қала алмайды. Кейін жеңісіне масаттанған Шың Шысай үш рет әскер шығарып, шығыс Шыңжаңды қазақтардан тартып алмақ болғанда барлығында да жеңілске ұшырап әскерлерінің тоз-тозы шығады.

Шың Шысай бір мезет тынығып, шінен қаскүнемдік амал қарастырып Совет одағынң қолтығына тығыла түседі.

1934 жылы мамыр айында Елісхан Алтай, Құмыл, Санжы, Үрімжі өңіріндегі қазақтарды шақырып, әкесі Әліпке ас береді. Ол 100 үй тіктіріп, 300 ірі қара, көп қой сойдырып, асқа келген мыңнан артық адамды түгел күтеді. Асқа Шың Шысай да адам жібереді және хат жазды.

Хатында: «Әліпті өлтіру – өз ниеті емес, қол астындағы әскерлердің қылығы екенін, Әліпті атқан адамды аттырып тастағанын, болар істің болғандығын, бұдан кейін ынтымақта болып береке-бірлікке келуін» айтады. Елісхан Шың Шысайдың әккілігін тіпті де сезініп, ашуланса да дымы ішінде болды. Алтай әкімі Шәріпхан хат жазып, орынбасары Мәнкені жеңіл машинамен асқа жібереді. Ол кезде Елісханның адамдары қатты қатулы еді. Олар жеңіл машина көрсе болды оқ атып тосатын. Мәнкенің машинасын сол әдет бойынша «ысқырған» оқпен қарсы алады.

Алғашында мұны көрген Мәнке сасып қалып, көліктен түсе салып оларға басу айтады. Елісханның бір батыры: «Қазақ атпен жүруші еді, сен машинаға отырып алыпсың, бізді қырғалы келген Шың Шысай екен деп қалыппыз» – дейді.
Елісхан асқа келгендерге Шәріпханның хатын оқиды. Хаттың мазмұны: «Қазіргі дәуір ат пен түйеге сүйенетін дәуір емес, ендігі дәуір қаламға, қаруға, ғылымға сүйенетін дәуір. Сен Елісхан аз әскер, бірнеше қара мылтығыңмен жаңа үкіметке қарсы келе алмайсың, егер жалғасты қарсылассаң тасқа соғылған жұмыртқадай быт-шыт боласың. Енді ниетіңнен қайтып, Шың Шысаймен қол алысқаның жөн, басқа шығар жолың жоқ» – депті.

Хат оқылып болғаннан кейін Елісхан: «Шәріпхан мені Шың Шысаймен ымыралас депті. Бұл қолыңдағы құралыңды тапсыр, әкеңнің қанын ішкен жауыңа тізе бүк, мойын ұсын, сені де шапсын дегені ғой. Мен осыған көнемін бе? Егер Шәріпханның өзі бізбен тізе қосса, барлық қазақ береке-бірлікте болсақ, Шың Шысай сияқты кезбенің бізге тісі қайтып батар еді? Біздің қазақтың басы бірікпейді, ағайын адамдардың өзі бас араз болып, басқаларға дайын ас боламыз. Қазақ қашанғы осылай бола бермек? Біздің осы бейғамдығымыз басқарлардың «әләулайына» өте тез сеніп кеткендгімізден. Ағайындар арасындағы кішігірім бас араздығы себепті, Шың Шысай орайдан пайдаланып ауылымды қызыл қанға бояп, 200 бауырластарымды, туыстарымды қырып отыр. Бұған мен қалай төзейін?! Қожанияз бен Мажұңиыңның өздерін атстырып қойған қу, әккі Шің Шысай. Оның мақсаты, әлдымен қолында қаруы бар бізді құртып, артынан қолында қаруы жоқ, Шәріпханның өзін де құртады әлі, қарада тұр! Сондықтан Шың Шысайға қаруымды бере алмаймын. Сендерді мұнда шақырудағы мақсатым екеу. Бірншісі – әкеме ас беру, екнішісі – өздеріңмен қоштасу. Мен бұл жалғанда Шың Шысаймен отаса алмаймын. Онымен жағаласып өткенім өткен. Әрине, менің де шамам шанақты ғана, мен шығыстан сүйеніш іздеймін. Қанаттас тірек табамын, күндердің бірінде қайта оралып, Шың Шысайдың шаңырағын ортасына түсіріп, өз істегеінін өз мойынына артамын. Шың Шысайдың көзі жоғалмай қазаққа күн жоқ!» – дегенді айтады.
Бар болған жағыдайды Шың Шысайдың өкілдері бірін қалдырмай оған айтып барады. Шың Шысай тіксініп барып, мұртынан жымыиып, «Қане, менің ата-бабамнан қалған айлакерлігім жеңе ме? Сенің батырлығың жеңе ме, көрерміз!» – деп ойлана қалған Шың Шысай бір қолына мылтығын ұстаса енді бір қолына қулықтың, әккіліктің қалтасын ұстап деру іске кірсіп , Елісханға қарсы орналастырулар жасайды.

Біріншіден, өз күшінің шамалы екенін білетін ол Совет одағынан көмек сұрайды. Сталин оған екі соғыс ұшағын, бес танкісі бар, құрама полктен бір полк әскер көмекке жібереді. Оны Құмылға қойып, Шыңжаңның қақпасын бақтырады. Екіншіден, Құмыл, Үрімжі, Алтай, Іле, Тарбағатай аймақтарындағы қазақ пен моңғолдан 500-ден артық өкіл шақырып, жиын ашады. Шың Шысай оларға Елісханның қылмыстарын айтады.

Ол: Елісханның ұлы әкесі, өз әкесі түгел қарақшы. Олар оңтүстік пен солтүстік арасында және жібек жолында жүрген саудагерлерді тынбай тонап келді. Менің адам жіберіп, оның ауылын жаныштауым көптің, халықтың тілегі, ол келген өкілдерден Елісханмен байланыс жасамауды, егер кімде-кім онымен қарым-қатынас жасаса, мемлекет заңы бойынша шара көріліп, кінә тағылатындығын айтады.

Үшіншіден, жиынға келген өкілдерге халық арасындағы қаруларды жиып алуды тапсырады. Кімде-кім қару тапсырмаса Елісханмен астасқан адамдар қатарында атылады – деп тапсырады.

Төртіншіден, Құмыл аймақтық әкімшілік мекемесінің Баркөл басқармасын құрады, оған Совет одағынан келген Абай деген қазақты бастық етіп қойып, қазақты қазаққа салып өз майымен өзін қуырады.

Бұдан тыс, Совет одағының Орта Азия университетінде оқыған Әшімді Құмыл сақшы мекемесінің бастықтығына, Қасымды Үрімжі қазақ істерін басқаратын кеңсенің меңгерушісі етіп қояды. Моңғолиядан арнаулы тәрбиеленген құмылдық Ошыр Мұсаны барлау бөлімінің бастығы етіп тағайындайды.

Бесіншіден, Совет одағы мен Шыңжаң сауда серіктігі арқылы Баркөлге қыруар зат жөткеп, жәрмеңке ашып, жұрт көңілін аулап, үкімет жақсы дейтін ойға келтіруге тырсты.

Алтыншыдан, Абай бастаған үгіт группасын құрып, Баркөлде үгіт жүргізіп, елдің Елісханға ілесе көшуінің алдын алды. 1935 жылы тамызда жоғарыдағы Шың Шысайдың алты зымиян саясатының себебінен, Елісхан Шыңжаңнан шығысқа көшкенде тек 500 үй еріп, 3000-нан аса түтін ермей қалады. Елісханның Қожаберген, Қожақын деген кіші әкелері де көшпей қояды. Бірақ, қайран ел сайқал саясаттың артында Әліптің асына қатынасқандары қара дізімдікке алынып, бір- бірлеп көзін құртамыз деген улы жебеның даярланғанын қайдан білсін?..

(Жалғасы бар.)

Қытай тілінен аударған: Тұрсын Қасымбекұлы

Автор туралы

Бұл мақала авторы – Карім Акрами сол жылдары Баркөл сақшы мекемесінде қызымет істеген әрі Жапонға қарсы үгіт бригадасының аудармашысы болған. (Бұл ұйымды кезінде қытайдағы 8 армияның Шыңжаңдағы іс басқармасы құрған).

1946-1948 жылдары ол үгіт бригадасын бастап Гансу-Чиыңхай өлкелерін аралап, Баркөл қазақтарын қайтарып әкелу жөнінде үгіт таратқан. Осы екі жылда Баркөл қазақтарының шығысқа аууын зерттеп, осы мақаласына негіз қалаған еді. 1987 жылы ол бұл мақаласын Іле халық баспасына берген. Баспа қазақшаластырып «Іле тарихы материалдарының 3 кітабына жариялаған.

Ал Абай деп отырған адам – тегі Іле жақтан болып, бір дүңгенді тонап, олтірген. Сонымен, қылмысынан қорқып Қазақыстанға өтіп кеткен. Орыстар оның сом денелі, палуан екенін байқаған соң Ташкенітте тәрбиелеп, Шыңжаңға, Шыңың Шысайға көмекке жіберіпті.

Ол Қазақыстанға барған соң аты-жөнін, мекенін жасырып, өзіне Абай деген жалған есім қойып алған. Кейінгі тағыдыры белгісіз.

Дайындаған: Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *